Коронавирус пандемиясынан кейінгі әлем сценарийі қандай болмақ? БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш шведтік Aftonbladet басылымында коронавирус пандемиясынан кейін әлемді күтетін екі сценарий туралы айтты.
Біріншісі, «оптимистік» сценарий – әлем елдерінің қазіргі жағдайды жеңе алатындығын білдіреді. Солтүстік мемлекеттер қалпына келтіру жоспарын жасайды, ал дамып келе жатқан елдерге көмек көрсетіледі. Гутерриш коронавирусқа қарсы вакцина тоғыз ай ішінде пайда болып, бәріне қолжетімді болады деген үміт білдірді. Оның пікірінше, егер әлемдегі жағдайлар осы бағытта дамып, экономика қалпына келсе, онда әлем екі-үш жыл ішінде қалыпты жағдайға оралу бағытында жұмыс жүргізе бастайды.
Егер әлем елдері пандемияға қарсы іс-қимылдарды дұрыс үйлестірмесе, пандемиядан кейінгі өмір «пессимистік» сценарий бойынша өрбуі мүмкін. Мұндай жағдайда вирустың жаңа ошақтары пайда болып, дамушы елдердегі жағдай нашарлайды. Вакцина бойынша жұмыстар да кешіктірілуі немесе ол үшін үлкен бәсекелестік басталып, экономикалық мүмкіндіктері бар елдердің азуында кетуі мүмкін. Мақалада жаһандық қиындықтарды тек жаһандық басқарудың күшті институттарының және халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен ғана жеңуге болады делінген.
Демек, екінші сценарий орындалса, сегрегация, популизм және ксенофобия бұрынғыдан өршиді.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы