АҚШ Өкілдер палатасы мен Сенаттың 70-тен астам мүшесі үкіметке Қытай билігінің Шыңжаңда жасаған геноциді мен адамзатқа қарсы қылмыстарын анықтау туралы тапсырма берді. Соған қоса, осындай «өрескел саясатты» жүзеге асыратын Қытай шенділеріне санкция салуғашақырды.
Кеше, республикашылдар мен демократтардан жиыны 74 сенатор АҚШ мемлекет хатшысы М. Помпео мен қаржы министрі С. Мнучинге хат жолдады. Хатта олар Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы ұйғырларға және басқа да мұсылман аз ұлттарға қарсы әрекеттерін жалғастырып жатқанын, коммунистік билік ондағы аз санды ұлттардың мәдениеті мен діни сенімдеріне еркіндік бермейді және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты қолдайды деп мәлімдеген. Бұл әрекетке АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың жол бермеуі қажет делінген.
«Сіздерді осы қатал саясатты айыптауға және осы қылмыстарды жасаған Қытай шенеуніктерін санкциялауға шақырамыз, сонымен бірге үкіметтен Қытай үкіметінің ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман аз ұлттарға жасалған қатыгез қылмыстар мен геноцид әрекеттеріне қатысты мәлімет беруді сұраймы», – деген сенаторлар хатта.
Заң шығарушылар АҚШ үкіметін басқа мемлекеттермен бірлесе отрып Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын бақылау жөніндегі БҰҰ бастамасын қолдауға шақырды. Олар сондай-ақ: «Біздің өкілдер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингтік отырысын өткізіп, Шыңжаңдағы жағдай туралы арнайы баяндамашы тағайындауы керек», - деген.
"Қытайдың геноцид саясатын айыптап, Шыңжаңдағы азшылық топтардың мәжбүрлі стерилизация, түсік жасату және қамауда ұстау, қинау әрекеттерінің алдын алып, Қытай үкіметін дереу АҚШ пен халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң айыпталуы керек", - дейді Конгресмен Смит. Ол және Халықаралық Олимпиада комитетін 2022 жылы Пекиннің қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығынан айыруға шақырды. Ол және: «Геноцид немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасаған ешбір мемлекетке сыйлық берлмеуі керек», – деді.