Жексенбіде АҚШ вице-президенті Майк Пенс ел жастарының індетке қарсы сақтық шараларын қолданбауы себепті соңғы күндері коронавирус жұқтырушылар саны күрт көбейіп кеткенін мәлімдеді.
Вице-президент CBC агенттігіне берген сұхбатында: « Коронавирустық тестілеуді күніне 500 мың адамға дейін жеткіздік, сол себепті де вирус анықталғандар саны көбейді. Дегенмен, ел жастары карантин талаптарын орындамағаны себепті соңғы күндері вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп жатыр», – деген.
Соңғы күндері АҚШ-тың Флорида, Техас және Аризона штаттарында індетке шалдыққандар саны еселеп өсіп жатыр. Өткен жұмада Құрама Штаттарда бір күнде 40 мың адамнан Covid-19 індеті табылып, соңғы жарты жылдағы рекордтық көрсеткішті жаңартқан еді.
Флорида мен Аризонадағы вирус жұқтырушылардың санының көбеюіне байланысты, Пенс осы аптада екі штатқа жоспарланған іс-сапарын кейінге қалдырды. Пенс мәлімдемесінде, жыл басымен салыстырғанда АҚШ-та науқастарды емделу жағынан жақсы нәтиже көрсеткенін және коронавирус жұқтырған науқастарды емханаға жатқызуды көбейткенін айтты.
Президент Трамп пен вице-президент Пенс Флорида мен Техас губернаторларына шектеу шараларын күшейтіп, аталған штат тұрғындарының өзге штаттарға ағылуын тоқтатуға шақырған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі