Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы соңғы мәлімет бойынша 20 маусым күні елде вирус жұқтырудың 446 дерегі тіркелген.
Пандемия вирусын жұқтырған адамдардың жалпы саны 17225 адамды құрады. Сырқаттардың басым көпшілігі Алматы, Астана мен Шымкент қаласында және Атырау,Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Бұл аймақтардың әрқайсысында науқастардың саны мыңнан асады. Нақтырақ айтсақ, Алматыда—3358, Астанада—3245, Қарағанды облысында—1839, Атырау облысында—1402, Шымкентте—1277, БҚО—1125 адам вирус жұқтырған делінеді ресми мәліметте. Сонымен қатар,министрлік коронавирустан емделіп шыққандар саны 10671-ге, қайтыс болғандар саны 118-ге жетті деп отыр.
Қазақстанда карантин шаралары жұмсартылғаннан кейін инфекцияны жұқтырушылар саны күр өсті. Билік өкілдері вирустың өршуіне қарапайым халықтың қорғаныс ережелерін сақтамағандығы себеп болды дейді. Ал, ел ішінде коронавирус инфекцисының бар екендігіне күмәнмен қарайтындар көп.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті