Қазақстан шенділерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Бүгін, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтен де коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды.
Бұл жайында вице министр өзінің фейсбук парақшасында “Бүгін менің тестім оң нәтиже көрсетті. Жағдайым “мәз” емес”. “Екі күн бойы вагондап жүк түсіргендеймін немесе бірнеше гектарға картоп еккендеймін”. Кімнің басынан өтті, сол түсінеді” деп жазба қалдырды.
Өз сөзінде ол вирустың кімнен жұққандығын білмейтіндігін, қорғаныстың барлық шараларын қолданса да олардың күшң тек жұқтыру мерзімін аз уақытқа шегере тұруға ғана жеткендігін айтты.
Қазақстан шенеуніңтерінің арасына корноавирус жұқтырғандардың анықталуы бір бұл емес. Күні кеше мемлекеттің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен вице-премьер Ералы Тоғжановта пандемия вирусы бар екендігі белгілі болды. Оның алдында коронавируспен ауырғандар қатарына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли, Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин және депутаты Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов секілді шенеуніктер қосылған.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?