Үндістанда Қытаймен шекарада болған қақтығыстан кейін халық наразылығы күшейіп, шерулер өтті. Солтүстіктегі Канпур қаласында көшеге шыққан адамдар Қытай басшысы Ши Цзиньпиннің суретін өртеді.
Шерушілер Қытай туына оралған табытты жағып, суға лақтырды. Нью-Делиде бірнеше ардагер Қытай елшілігінің алдына жиналып наразылығын білдірді.
17 маусымда Қытай мен Үндістан шекарасында атыс болып, 20 сарбаз оққа ұшқан. Батыс басылымдары бұл соңғы 45 жыл ішінде орын алған алғашқы қарулы қақтығыс деп бағалады.
Үнді армиясының мәлімдемесінде екі елдің қорғаныс министрлік өкілдері шиеленісті реттеу мақсатында кездесу өткізеді делінген. Қытай тарапы мұндай кездесу өткізіліп жатқанын растады және Үндістанды «мемлекеттік шекараны бұзды» деп айыптады. Өз кезегінде Үндістанның Сыртқы істер министрлігі Қытайға өткен аптада жасалған шекара сызығы туралы келісімді бұзды деп айыптап отыр. Үнді СІМ мәлімдемесіне сәйкес, «қиян-кескі қақтығыс Қытай тарапының өңірдегі шекаралық бақылауды өзгертпек болғаны үшін орын алған».


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел