Үндістан премьер-министрі Моди мен Жапония премьер-министрі Шиндзо Абе арасындағы қазан айына жоспарланған кездесу қыркүйек айының басында өтетінін хабарлады.
Премьер-министрі Абе жапон және үнді басшыларының жыл сайынғы саммитіне қатысу үшін өткен жылы желтоқсан айында Гувахатиге (Үндістан) баруы керек еді, бірақ Саммит заңға енгізген өзгертулерге байланысты наразылық акциясы себепті кейінге қалдырлған.
Indian Press Trust хабарлағандай, екі ел басшылары екі елдің арасындағы стратегиялық және сауда қатынастарын одан әрі кеңейту. Олар екі бір-бірінің әскери базаларын техникалық қамтамасыз ету, қорғаныс саласында Жапонияның US-2 ұшақтарын Үндістанға жеткізуі туралы әскери келісімге қол қояды деп күтілуде.
Hindustan Times 9 қыркүйекке жоспарланған саммитте екі тарап әскери логистика, сатып алу және техникалық қызмет көрсету сынды бірқатар келісімге қол қояды деп күтілуде және жапон өндірісінің кейбір бөлімшелерін Үндістанға беру мүмкіндігін талқылайды.
Үндістан жоғары лауазымдыларының айтуынша, екі елдің басшылары екі тарап арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтады, Үндістанның жапондық өндірістік қызметке есік ашуы және Жапонияның Андаман мен Никобар аралдарында порт инфрақұрылымын салуға қатысуы мүмкін деді.
Жапония мен Үндістан көшбасшыларының саммиті Қытай мен Үндістан шекарасында және Қытай "Дяоюдао", ал Жапон "Сенкаку" деп атайтын аралда, агрессивті әрекеттер жасаған кездеге тұспа-тұс келгені белгілі.
Дипломаттардың айтуынша, екі елдің басшылары Қытайдың әрекеттерін талқылап қана қоймай. Үндістан, Жапония, Австралия және АҚШ елдері арасындағы төрттік механизмін нығайтады.
Үндістан Австралияны осы жылдың соңында Малабар Әскери-теңіз жаттығуларына ресми түрде шақырады деп күтілуде. Австралияның оқу-жаттығуларға қатысуымен бұл төрттік механизмі әскери деңгейде қолданылатын алғашқы жағдай болмақ.
Үндістан маусымның ортасында Қытай мен Үндістан арасындағы қақтығыстан 20 Үнді әскері қайтыс болды.Жапония Премьер-Министрі Абэ жапон халқының қысымына түсіп, Қытайға қатысты қатаң ұстанымға көшті. Жапон азаматтары Қытай төрағасысының Жапонияға сапарынан бас тартып қана қоймай, Абе үкіметінен Бейжіңнің Гонконгтағы Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңды қабылдауын үлкен сынға алуды талап етті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі