Ұйғыр ауданында соңғы кезде қазақ пен ұйғыр жастары арасында жанжалдар жиілеп кетті. Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі Баталов мырзаның тікелей назар аударуын талап етіп сайтымызда осыдан бұрын да материал жарияланған еді (мына сілтемеден көре аласыз ). Аудандағы қазақ азаматтарымен тілдескенімізде, бұған дейін болған жанжалдардың бәрінде жергілікті билік жылы жауып, "қазақтың аяғы ақсап жататынын" айтты. Бұл ретте де облыс әкімдігі аудандағы бес адам жарақат алған жанжалды тұрмыстық жанжал деп түйіндеді. Кезекті оқиға тұрмыстық жанжал болғанымен, ауданда қордаланған тамыры терең мәселені ерте жарықта шешу керек. Өңірлік, мемлекеттік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты күн сайын күрделілене түскен жағдайлар бізге соны ескертеді.
16 маусым күні түнде болған жанжалдың жәй-жапсарын, өңірдегі тұрғындардың пікірін біліп қайтқан едік. Нәтижесінде өңір тұрғындарының пікірі алуан түрлі болып шықты.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі