ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Төлеутай Рақымбеков тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «машина жөндеу технологиясың ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашалығының өнімдерін қайта өңдеу басқармасының басшысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және стратегия департаменті, ауыл аумақтарының және агро-өнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің, ДСҰ және ауылшаруашылық өнімін қайта өндеу департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, «КазАгроИнновация» АҚ президенті, Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.
“The Qazaq Times”