Қазақстанда коронавирусқа сенбейтіндер саны артқан тұста, ел шенеуніктері бірінен кейін бірі вирус жұқтырып жатыр. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.
Министр өзінің Facebook парақшасында: «Достар, өкінішке қарай соңғы рет коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Бұл симптомсыз емес, сондықтан инфекциялық ауруханаға жатқызылдым», – деп жазды.
Елжан Біртанов коронавирус жұққан алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыров дертке шалдыққан.
Соңғы мәліметтер бойынша, елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 18 898 адамға жетті. 14 496 адамда COVID-19 ауру белгісі байқалған, ал 4402 адамда ауру белгісі жоқ. Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты Жамбыл, Қарағанды және Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы