Бүгін, 6 маусымда Алматы қаласындағы Достық көшесі бойында әкімшілік тарабынан "дезинфекцияланған" митинг өтті.

Наразылық шарасы тіркелмеген Демократиялық партия мен елде тыйым салынған ҚДТ тарапынан ұйымдастырылды.
Алайда, аталған ұйымдардың жақтаушылары деген жеріне жете алмады. Полиция "Абай" алаңы мен оған жақын бірнеше көшені жауып тастаған.
Алматы әкімдік өкілдері бұл жерлерде індетке байланысты дезинфекция шараларының жасалып жатқанын алға тартты.

Түскі сағат 11:30 шамасында "Қазақстан" қонақ үйінің жанында алаңға бармақ болған наразы топ көбейе түсті. Полиция жасағы әр тараптан келген адамдарды бір-біріне қоспай, жолдарын бөгеп тұрды.
Осы кезде арнайы көліктер мен қызметкерлер жұртшылық жиналған жерлерде дезинфекция жұмыстарын жүргізді.
Тілшілеріміздің мәліметіне қарағанда, аталған алаңға жақын бірнеше көшенің қиылысында полиция оннан астам адамды ұстаған.
11:00 шамасында басталған наразылық шарасы 16:00-ге қарай тарқады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы