Қытай ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдаған жағдайда Ұлыбритания Гонконгтың 3 миллионға жуық тұрғындарына еңбек визасын береді. Бұл туралы SkyNews хабарлады.
Сонымен қатар олардың азаматтық алуына да мүмкіндік жасалады. Британдық «Time» басылымына сұхбат берген Борис Джонсон: «Гонконгтың табысқа жетуінің себебі – оның халқының еркіндігінде. Егер Қытай ұлттық қауіпсіздік туралы заңның Гонконг нұсқасын қабылдаса, бірлескен декларациядағы Қытайдың міндеттемелерін тікелей бұзған болып есептеледі. «Қытай-Британ бірлескен декларациясы» БҰҰ мақұлдаған ресми келісім», – деген болатын.
Ұлыбританияның мұндай жоспарын Қытай тарапы қатаң сынға алды. Ел билігі корольдіктің бұл әрекетін елдің ішкі ісіне араласу деп санайды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр