Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланысын үзген АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай ғалымдарына күдікпен қарайтынын айтты.
Ақ үй басшысының сөзінше, қытайлықтар АҚШ-тың құпия технологиялары мен зияткерлік меншігін ұрлауы мүмкін деген күдік бар. Былтырдың өзінде 50-ден аса адамға осындай айып тағылған. Бұған дейін АҚШ-тың Сауда министрлігі Қытайдың 24 коммерциялық және үкіметтік ұйымына қарсы санкция енгізген. Оларға «әскери мақсатта жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін АҚШ тауарлары мен технологияларын импорттайды» деген айып тағылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына да осыған ұқсас айып тағылды. Трамп сөзінде халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін біле тұра, Қытайға індеттің таралуы туралы мәліметті жасырып қалуға көмектескенін айтты. Дональд Трамп: «Қытайдың Ухань вирусы туралы мәліметті жасырып қалуы инфекцияның бүкіл әлемге тарауына жол ашты. Сөйтіп, оның арты пандемияға ұласып, індет жүз мыңдаған адамның өмірін қиды. Қытайлық шенеуніктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына нақты ақпарат ұсыну бойынша өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Керісінше, оған қысым көрсетті. Осы ретте ұйым біз талап еткен реформаларды іске асыра алмағандықтан, онымен арадағы байланысты үзбекпіз», – деді.
АҚШ президенті осыған дейін де бірнеше рет ұйым басшылығының Бейжіңмен мәмілеге барғанын айтып, айыптаған болатын. Сол себепті Құрама штаттар аталған ұйымды қаржыландырудан бас тартып, оған мүше болуды тоқтатынын мәлімдеген. Бұл жөнінде Дональд Трамп Тедрос Гебрейесусқа жолдаған хатында және Twitter-дегі парақшасында жазды.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр