«The Japan Times» басылымының хабарлауынша, Жапония коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін барлық шараны қолданады. Бұл туралы елдің экономикалық қалпына келтіру министрі Ясутоши Нишимура мәлімдеді.

Ведомоство өкілі: «Екінші толқын болары сөзсіз. Қазірдің өзінде дайындық бастадық. Жапония үкіметі мен елдің тиісті ведомстволары бұрын төтенше жағдай жарияланған аймақтарда коронавирустың таралу динамикасын мұқият қадағалайтын болады», – дейді. Соңғы мәліметтер бойынша, Жапонияда 16 мыңнан астам коронавирус деиеоі тіркелген, осы диагнозбен 771 адам қайтыс болған.

126 миллионнан астам халқы бар елде COVID-19 вирусының қайта таралу ықтималдығын Лондондағы Кинг колледжінің қоғамдық денсаулық сақтау институтының директоры Кенджи Шибуя да айтып отыр. «Бұл вирусқа қарсы күрес шынымен ұзаққа созылмақ. Жапон халқының карантин талаптарын жоғары деңгейде сақтауы вируспен күресуге көмектеседі», – дейді.

EADaily хабарлағандай, Жапония өткен аптада 47 префектураның 39-ына төтенше жағдай жариялады. Токио, Осака және тағы алты қалалық округтер дерттің таралуына байланысты карантин режимін сақтады. Таяуда ел премьер-министрі Синдзо Абэ елдің қалған аумағында төтенше жағдайды алып тастау жайлы мәлімдеме жасамақ.

Жапонияда төтенше жағдай 7 сәуірде жеті префектурада жарияланған. 16 сәуірде Абе төтенше жағдайды бүкіл ел аумағына енгізді. Кейстер санының артуы себкпті 30 сәуірде төтенше режим жағдайы 31 мамырға дейін ұзартылды.

"The Qazaq Times"