Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб аймақта 432 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растады.
Штаб таратқан мәліметке қарағанда, қауіпті кеселге шалдыққан науқастардың арасында 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары. Дәлірек айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел. Бұл бүгін анықталған дерек. Жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитіні белгісіз.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтық жедел штаб «Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», – деп мәлімдеді.
13 мамырдағы жағдай бойынша өңірде COVID-19 індетін жұқтырған науқастар саны 432-ге жетті, оның ішінде 359 адам – Теңіз кенішінің қызметкерлері.
Бүгінгі таңда тіркелген кейстер саны жағынан Атырау облысы (432 жағдай) республикадағы үшінші аймақ. Қазақстанда 5417 адамнан Covid-19 дерті анықталған, оның 2223-і ауруынан айықты делінсе, өкінішке қарай, 32 қайтыс болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді