Өткен жылы Қытайдың Уаханынан басталы коронавирус ресми түрде COVID-19 деген атаумен бүткіл әлемдік пандемияға айналғалы осы вирустың айналасында түрлі болжамдар мен дау-дамайлар толастаған жоқ.
Барлығымызға бір ғана белгілісі вурустың Қытайдан басталғаны, және қытай билігінің әуелде бұні жасырып жауып қалмақ болғаны. Ақыр аяғында COVID-19 қытайдың қанша жасырып жапқанына қарамастан өзінің ашыққа шыққаны. Әрі аз уақыттың ішінде алты құрлыққа бірдей дендеп тарқағаны.
Бір қатар елдер осы реткі пандемияның келтірген залына кытай билігі кінәлі деп санайды. Әрі оны ашық айтып та жатыр. Бұған себепте жоқ емес. Соның біріне тоқталсақ АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың Ухандағы вирусологиялық институтында жасалғаны жөніндегі дәлелдерді көргенін айтты. Ақ үйдегі баспасөз мәсіліихатында журналистердің «коронавирустың Ухандағы вирсологиялық институтта жасалғаны туралы дәделдер бар ма?» -деген сұрағына «Иә», мен көрдім» деп жауап берген президент Трамп «Қытай билігінің вирусты тоқтата алмады, иә болмаса вирусты тоқтатудың қажеттілігі жоқ деп шешті», -деді.
Сондай-ақ АҚШ президенті «Бәлкім олар, Қытайлар әуелі басында қателік жіберіп алды, содан соң қателіктің үстіне қателік жамай берді, сонымен бірге бұны біреу әдейі жасаған да болуы мүмкін» дегенді айтты.
Дегенмен АҚШ Ұлттық барлау қызметі коронавирустың зертханада жетілдірмеген немесе вирустың генетикасы өзгертілмегенін, табиғи жолмен туындап, содан кейін адамдарға жұққанын айтып отыр.
Осыған дейін Қытайлық Хуан Чи Ши Бау (Global Times) басылымында бұл вирустың АҚШ-тағы Форт-Детрик зертханасында жасалғаны туралы жазған болатын. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі коронавирус Уханьда бірінші рет тіркелгенімен оны АҚШ әскерлері әкелуі мүмкін деген болатын.
Екі ел соңғы бірнеше аптадан бері коронавирустың тарқалуы бойынша айтысып бір-бірін айыптап жатыр.
Вирустың Қытайдан шыққанына және оның келтірген залалына Қытай жауапты болуы керек деп санайтын жалғыз АҚШ қана емес, әлемнің бірқанша дамыған елдеріде Қытайды COVID-19-дың елге әкелген зардабын көтеруге шақырып, қажет болса сотқа шағымданатындарын айтып отыр.