АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты. Бұндай шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп жария етті. Оның айтуынша аталған ұйым коронавирус пандемиясын тоқтата алмады.
"Шындық солай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметті жетерлік ала алмады, тексермеді және оны дер уағында ашық тарата алған жоқ", - деді президент Трамп. Сондай-ақ, Трамптың айтуынша әлем елдері анық мәліметтер мен қауіпті жағдайға қарсы шаралар туралы ДСҰ-ға мұқтаж кезде ұйым өз міндетін атқара алмады, елдер өз бетімен шара көруіне тура келген. "ДСҰ өз міндетін атқара алған жоқ және жауапқа тартылуы керек", - деді АҚШ президенті.

Ақ үйдегі соңғы баспасөз жиыны. Фото:NBC.
Ақ үй басшысының айтуынша, БҰҰ агенттігі Қытайдың бұрмаланған мәліметін тексерусіз таратқандықтан эпидемияның жағдайы осыншалық ауыр болған. Бұл айыптаудан кейін Қытайдың бұрмаланған мәліметтері мен ДСҰ-ның байланысын және вирустың Қытайдан тыс әлемге таралуына аталмыш ұйымның жауапкершілігін толық анықтамайынша АҚШ денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық ұйымды қаржыландыруды тоқтатады.
Құрама Штаттар ДСҰ үшін ең басты қаржы бұлғы болып кеген. Былтырдың өзінде ұйымға 400 млн АҚШ долларын бөліп, ұйым бюджетінің 15 пайызын иелеген еді. Бірақ, айтпай кетуге болмайды, АҚШ-тың бұл ұйымға шүйлігіуне Уашингтон мен Бейжің арасындағы дипломатиялық жанжалдардың да өзіндік ықпалы бар.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы