Колумбиялық сот медицина органдарының дүйсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, Мокоадағы селдің салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 273-ке жетіп отыр.
Caracol радиосының хабарлауынша, 100 адамның денелері жерлеуге туған-туысқандарына жеткізілген. Жергілікті Қызыл Крест ұйым өкілдерінің айтуынша, 400 адам түрлі жарақаттар алып, 220 тұрғынды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: bigpicture.ru
Колумбиядағы сел апаты
Табиғи апат 1 сәуір күні орын алған. Нөсер жауынның салдарынан Мокоа, Сангояко және Мулатос өзендері арнасынан тасып, қала құрылысына, көшелерге айтарлықтай зақым келген. Су, электр жүйесі, газ жолдары толықтай істен шыққан.
45 мың тұрғыны бар қаланың 17 ауданын бірақ шәйіп өткен сел соңғы жылдардағы ең үлкен табиғи апаттың бірі болып отыр.
“The Qazaq Times”


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел