Ұлыбритания парламенті 21 сәуірде жұмысын қайта бастайды. Бірақ қашықтан жұмыс істейді, деп хабарлайды ВВС.
Қауымдар палатасының өкілі Джейкоб Рис-Могтың айтуынша, парламент маңызды конституциялық функцияларды, үкіметтің жұмысын қадағалап, шығындарды есептеп, заңдарды қабылдауы керек. Парламенттік комитеттер телекоммуникацияның күшін пайдаланып отыр. «Келесі аптада парламент спикері, үкімет мүшелері және отырысың басқа спикерлері бас қосып, кезек күттірмейтін мәселелерді талқылайды», — деді Джейкоб Райс-Могг.
Бұған дейін Біріккен Корольдік премьер-министрі Борис Джонсоннан коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір шенеуніктің жағдайы бірқалыпты, қауіп сейілген.
Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Британ парламенті 25 наурыздан мерзімінен бұрын демалыс жариялаған. Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметтерге сүйенсек, елде 79 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Өлім-жітім саны 10 мыңға жетті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы