Бүгін АҚШ-тағы 200 кинотеатр ағылшын жазушысы Джордж Оруэлланың "1984" кітабының желісімен түсірілген фильмді көрсетпек. NBC News арнасының хабарлауынша, бұл акция ел президенті Дональд Трампқа қарсы ұйымдастырылып отыр.
Осы уақытқа дейін, аталмыш кітап 70 жыл бұрын жарық көргеніне қарамастан Президент сайлауындағы Дональд Трамптың жеңісінен кейін ең танымал бестселлердің бірі болып, Amazon сауда алаңында ресми түрде толық сатылып кеткен болатын.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция АҚШ-тың 185 қаласында, сонымен қатар, Канада, Англия, Швеция, Голландия, Хорватияда да көрсетілмек. Ал наразылық акциясының дәл осы күнге, яғни, 4 сәуірге дөп келуі - кітаптағы оқиғаның дәл осы күнде басталуымен сәйкестендіріліп отыр.
"1984" романы 1949 жылы жарық көрген антиутопия жанрындағы ең танымал туындылардың бірі болып табылады.
Бұл фильм 1984 жылы түсірілген болатын, оның режиссері Майкл Редфордом.
"The Qazaq Times"