Коронавирус дертінің өршуіне байланысты Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Алматы мен астана карантинге жабылды.
Карантин режимі енгізілгеннен кейін Алматының өзінде кәсіпорындардағы жұмыс орындарының саны 266 мыңға қысқарып қалған. Жеке кәсіпкерлер де жапа жегіп, 80%-ы жұмысын уақытша тоқтатқан. Осылайша, қаладағы карантин 500 мың алматылықтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді.