Еуроодақ Біріккен Корольдікпен экономикалық байланыс туралы келіссөздер мерзімін ұзартатын болды. Бұл туралы Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен Deutschlandfunk радиостанциясына сұхбатында айтты.
«Біз келіссөздерге дайынбыз, бірақ Борис Джонсонның үкіметі нақты шешім қабылдауы керек. Сонда ғана британдықтар ортақ нарықтың бір бөлігі ретінде қала алады. Біз келіссөздерге дайынбыз,», — деді фон дер Лайен.
Тараптардың келіссөз мерзімін кейінге шегеруіне коронавирус пандемиясының өршуі себеп. Бұған дейін Еуропалық одақ пен Британияның Brexit бойынша негізгі келіссөз жүргізушісі Мишель Барньеден коронавирус анықталған болатын. Ресми Лондон COVID-19 дертін 12 аптаның ішінде жеңіп шығамыз деп отыр.
Ұлыбритания үш жылға созылған келіссөздерден кейін 2020 жылдың 1 ақпанында ЕО құрамынан шықты. Брюссель мен Лондон осы жылдың соңына дейін өтпелі кезең туралы уағдаластыққа қол қойды. Яғни белгілі бір уақыт көлемінде барлық еуропалық стандарттар Біріккен Корольдікке қолданылады. Осы уақыт ішінде тараптар алдағы уақытта жүзеге асатын шаралар мен бірлескен жобаларды бекітуі тиіс.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді