Жапония үкіметі арнаулы мәлімдеме жасап, үш ай бұрын Корея астанасында туылған соғыс тарихын еске алу ескерткішінің дау-дамайы себебінен Жапонияға қайтарып алынған бас елшілік, сейсенбі күні Сеулге қайта оралатынын айтты. Мақсат – Солтүстік Кореяға қарсы ынтымақтастық селбестікті нығайту деп көрсетті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымының бүгінгі хабарында белгілі болған еді.
Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишида (Fumio Kishida) мәлімдемесінде: «Жапонияның Кореяда тұратын бас елшілігі Кореяның жаңа үкіметінің алдағы істерімен бірге ынтымақтастық істерін жандандыратын болады», – деді. Аталған жаңа үкімет Кореядағы 9 мамырда болатын президент сайлауынан кейін орнайды.
Жапония мен Корея АҚШ-тың Шығыс Азиядағы екі негізгі одақтастары. Бұл елдер Америка мен әскери қорғаныс істер жағында да жаңа ынтымақтастық-селбестік шарттарына қол жеткізген болатын. Үш ел бірлесіп осы аптада үш күндік су асты әскери оқу-жаттығуларын өткізеді. Ал оның басты мақсатын аталған елдер Солтүстік Кореяның іс-әрекетіне берген жауаптары деп түсіндірді.
Осы қатарлы жан-жақты әскери ынтымақтастықтарға қарамастан Жапония мен Корея үкіметі 1945 жылы Жапонияның Корей түбегіне шапқыншылық соғысы мәселесіне келгенде ортақтаса алмай келеді. Сол кездегі шапқыншылар жағынан қорланған кореялық әйелдері мәселесі екі ел арасында үлкен дау тудырып келеді. Осыдан үш ай бұрын Кореядағы жапон елшілігі алдында, осы тарихи оқиғаны еске түсіретін, соғыста жәбір көрген кореялық әйелдің ескерткіші екі үкіметтің саяси жанжалын тудырып еді. Тіпті Жапония тарабы өзінің бас елшілігін Кореядан қайтарып әкеткен болатын.
“The Qazaq Times”