Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 17 наурыз сағат 09.00-де жағдай бойынша коронавирустың тағы 3 фактісі анықталғанын хабарлады.
«Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы үш жаңа оқиғасы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 13 жағдайы расталды, оның 11-і Алматыда, 2-і астанада», – делінген хабарламада.
Жұқтырғандардың арасында 2018 жылғы кіншкентай қыз бала бар. Ол Берлин-Минск-Алматы ұшағында 13 наурыз күні ұшып келген. Қазір нәресте Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екінші және үшінші науқас Мәскеу қаласынан ұшып келген 1966 және 1956 жылғы азаматтар.
Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы 13 наурыз күні тіркелді. Инфекция анықталған екі азаматтың біріншісі 9 наурызда (әйел адам), екіншісі (ер адам) 12 наурыз күні Германиядан келген.
16 наурыз таңертеңгі 8-ден бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. Президенттің тапсырмасымен бұл 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим ұзартылуы мүмкін.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы