Белгілі футболшы Криштиану Роналду Мадейра қаласында карантинге жатқызылды. Бұл туралы Daily mail хабарлады.
Жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылған соң, анасының халін білу үшін Мадейра қаласына барған Криштиану Роналду да оқшауланған. Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамоштың айтуынша, ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ.
Рамош: «Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», - деді.
Айта кетейік, бұған дейін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да карантинге жатқызылған болатын. Әлем бойынша қауіпті коронавирус дертіне шалдыққандар саны 133543 адамға жетсе, 5 мыңға жуық адам көз жұмған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы