АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа байланысты Еуропамен кеме қатынасы және авиатасымалдауды 30 күнге тоқтататынын хабарлады. Бұл шаралар жұмадан басталады.
Трамп халыққа коронавирустың таралуына байланысты арнаған үндеуінде «қатаң, бірақ қажетті шектеулер» коронавирусты жұқтырудың 460 оқиғасы тіркелген Ұлыбританияға қатысты қолданылмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол конгресті коронавирустың АҚШ экономикасына әсерімен күрес аясында салық жүктемесін жеңілдету шараларын қолдануға шақырды.
Президент Трамп 11 наурыз күнгі мәлімдемесінде Еуропа елдерінің билігін вирустың таралуымен қажетті дәрежеде күреспеді деп сынады. Оның айтуынша, бірнеше АҚШ тұрғынына Еуропадан келгендерден вирус жұққан.
Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныды. Женевада өткен брифиннг кезінде ұйым өкілдері: «Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. Біз COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген тұжырымға келдік», – деді.
Бүгінгі деректер бойынша, әлемде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 124997 адамға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 4622 адам. АҚШ-та 1122 адам қатаң бақылауға алынса, 37 адам өлім құшқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел