17 ақпан күні АҚШ Теңіз әскери күштеріне тиесілі P-8A «Посейдон» теңіз патрульдік ұшағы Гуам аралынан (АҚШ) батысқа қарай 380 миль қашықтықта халықаралық ашық су айдынының үстінде ұшып бара жатып, Қытай Теңіз әскери күштеріне қарасты 161-жойғыш кемесінің лазер жарқылына ұшырасқан.
Сейсенбі де АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер қытайлық әріптесі Вей Фыңхымен телефон арқылы сөйлесіп, осы оқиғаға байланысты АҚШ тарабының алаңдаушылығын жеткізді.
Эспер Қытай Халық-Азаттық Армиясынан екі жақты келісімдерге және халықаралық теңіз қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес өз қызметін қауіпсіз және кәсіби түрде жүргізуге шақырды.
АҚШ тарабы Қытай теңіз күштерінің әрекеті аса қауіпті әрі кәсіби емес деп санайды. Сондай-ақ, бұл 2014 жылы қол қойылған Тынық мұхит аймағындағы әскери әрекеттердің үйлесімділігі туралы келісімшарттарды бұзады деп қарайды. Қытайдың 161-жойғыш кемесі пайдаланған CUES лазер қаруы кемінде адамдардың жарақаттануы мен құрылғылардың бүлінуіне әкеліп соғатын қауіпті әрекет деп көрсеткен. Соған қоса, Пентагон Қытайдың бұл әрекеті АҚШ-Қытай арасындағы әскери іс-қимылдар мен жүріс-тұрыс туралы келісімдерге де сай емес деп сынға алған.
Айта кетер болсақ, Тынық мұхитында әрекет ететін АҚШ-тың Жетінші флоты әлемдегі ең үлкен әскери-теңіз флоты. Ол өзге 35 теңіз флотымен бірлесе отырып аймақта бір ғасырдан астам уақыт әскери қызмет өтеген, соған сай өңірдегі әскери әрекеттерде терең тәжірибеге ие теңіз әскери қосыны. Пентагон бұл теңіз қосынын Үнді-Тынық мұхитының бейбітшілігін қорғау, қауіпті әрекеттердің алдын алу қызметін атқарып келеді деп көрсетеді.
Қытай мен АҚШ әскери-теңіз күштерінің арасындағы бұндай жағдай кездейсоқ деуге болмайды. Өңірде АҚШ пен Қытай арасында ғасырлық таластың басталғаны туралы біз бұған дейін де айтып келгенбіз. Бұл оқиға екі қарулы күшке осындай оқиғалардың өршіп кетпеуі әрекет ету керектігін ескертті.