Саха бақсысы Александр Габышевтің Мәскеуге жорығы жайлы жазған блогер Сергей Тихий Якутск қалалық сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, блогерге «полицияға бағынбады, бұзақылық жасады» деген айып тағылған. Алайда Сергей Тихий бұл айыптауларды жоққы шығарып отыр. Оның айтуынша, саха бақсысы Габышевтің жорығы жайлы жазғаны үшін «билік үркіп» оны қамауға алып отыр және Ресей бұл әрекетімен «адам құқығын таптаудың үлгісін көрсетті».
Габышев былтыр наурыздан бастап Қиыр Шығыстан Мәскеуге қарай жаяу жорық бастаған. Оның пікірінше, «Ресей президенті Владимир Путин қара күштерден пайда болған және онымен тек бақсы ғана күресе алады». Ол осы уақытқа дейін 2800 шақырым жол жүріп, жолшыбай кездескен адамдарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
19 қыркүйекте Габышевты Иркутск облысындағы Выдрино лагерінен автомат пен резеңке таяқ ұстаған бір топ адам ұстап әкеткен болатын. Бақсының үстінен қылмыстық іс қозғалып, психиатриялық сараптама тағайындалған.
Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Александр Габышевті «ар-ұждан тұтқыны» деп атап, Ресей билігін саха бақсысын босатуға шақырған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді