Саха бақсысы Александр Габышев Путинді «Кремльден аластату мақсатында» жаңа жорық бастамақ.
Негізнен Габышев былтыр наурыздан бастап Қиыр Шығыстан Мәскеуге қарай жаяу жорық бастаған. Оның пікірінше, «Ресей президенті Владимир Путин қара күштерден пайда болған және онымен тек бақсы ғана күресе алады». Ол осы уақытқа дейін 2800 шақырым жол жүріп, жолшыбай кездескен адамдарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Александр Габышевті «ар-ұждан тұтқыны» деп атап, Ресей билігін саха бақсысын босатуға шақырған.
Былтыр 19 қыркүйекте Габышевты Иркутск облысындағы Выдрино лагерінен автомат пен резеңке таяқ ұстаған бір топ адам ұстап әкеткен болатын. Бақсының үстінен қылмыстық іс қозғалып, психиатриялық сараптама тағайындалған.