Демократиялық партияны ұйымдастырушы бастамашыл топ өкілдері Жанболат Мамай мен Нұрбол Байтерековты полиция ұстады.
Әзірге құзырлы органдар олардың не себепті ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат таратқан жоқ. Бейресми ақпарат бойынша, Жанболат Мамай мен Нұрбол Байтереков Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.
Сағат 15.00 шамасында Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде Демпартия құруды көздейтін бастамашыл топтың белсенді мүшесі Жанбол Рахматулланы құқық қорғау органының екі өкілі күш көрсетіп, ұстамақ болды. Кешікісін сағат 18:07 кезінде полиция қорғаушы топқа айласын асырып, ақыры белсендіні ұстап әкеткен.
19 ақпанда «Қазақстанның демократиялық партиясын» құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдері Алматыда жиын өткізген. Топтың әр аймақтағы мүшелері билік тарапынан қысымға ұшырап жатқанын айтқан демпартия жетекшісі Жанболат Мамай 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съездің өтпейтінін, оның орнына топ белсенділері митингіге шығатынын хабарлаған болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті