Брюссельдегі екі күндік саммитте Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель 2021 жылдан бастап Еуропалық одақтың жылдық бюджеті 11 миллиард еуроға қысқаратынын хабарлады.
Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан шығуы бюджеттің қысқаруына бірден-бір себеп. Сол себепті экономикасы қуатты елдердің жарнасы қаншалықты өсетінін, ал дотациядағы мемлекеттердікі қаншалықты қысқаратынын шешу қажет. Жалпы 7 жылдық бюджет жобасы бойынша одаққа 1 триллион еуродан аса қаржы қажет. Осыған байланысты Еуроодақ басшылары жарна мөлшерін одаққа мүше әрбір елдің жалпы ішкі өнімінің 1%-і көлемінде бекітуді ұсынды.
Алайда Еуропарламенттегілер бұл салымдарды 1,3%-ке ұлғайту керек дейді. Тараптар арасында ұсынысқа қатысты келіспеушіліктер орын алып, Германия және Франция басшыларымен екіжақты келіссөздер жүргізуге кірісті. Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен бюджетті арттырып, инвестицияны ғылым мен білім саласына құю керектігін айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы