Беларусь мемлекетінің премьер-министрі Сергей Румас Беларусь азаматтарын Қытайдан эвакуциялауға көмектескені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.
Беларусь үкіметінің ресми сайтында: «Сергей Румас Беларусь Республикасы Үкіметінің атынан 2020 жылдың 2 ақпанында коронавирус ошағы ҚХР Хубэй провинциясынан шығу туралы шешім қабылдаған 5 беларусь азаматын арнайы рейспен эвакуациялауға жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді», – делінген.
Екі елдің серіктестігіне сенім білдірген Беларусь Үкіметінің басшысы азаматтарын Қазақстан тарабының астанадағы медициналық мекемеге орналастырып, 2 апта ішінде қажетті жағдай жасағанын айтты.
Айта кетейік, ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2010 кісі көз жұмып, 75,1 мың адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аталған індеттің адам мен экономикаға залалы орасан деген мәлімдемесінен кейін, бірқатар мемлекеттер Қытайдағы азаматтарын эвакуациялады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы