Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты қарастырды, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Президент Тоқаев сөзінде: «Біз Канадамен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Ынтымақтастығымыздың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықтың аясын одан әрі кеңейте түсеміз деп үміттенеміз», – десе, Джастин Трюдо энергетика саласындағы байланысты дамытуға ниетті екенін айтты.
2018 жылы Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 255,4 млн. доллар, оның ішінде экспорт – 145,8 млн. доллар, импорт – 109,6 млн. Долларға жеткен. 2005 жылдан бері Канададан Қазақстанға жеткізілетін ТШИ-дің жалпы көлемі 4,6 млрд. доллардан асты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-дағы тікелей канадалық инвестициялар көлемі 182 млн. Долларынан асқан. Екіжақты іскер әріптестікті нығайту үшін 2016 жылы Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі құрылды.