Танымал «The Wall Street Journal» басылымында, осыған бірнеше күн бұрын Трамптың бала күнінде тұрған үйінің сатылғаны туралы арнаулы мақала басылды. Үй аукционға қою арқылы сатылған. Ең қызығы, сатып алуға таласқандардың басым көбі қытайлық қалталылар болыпты. Қытайға қырын қарайтын Трамптың тұрағы қытайлықтар үшін неге сонша өтімді болды? Эли Розенберг және Сара Маслин Найр екеуінің мақаласы осыны баяндайды.
Қаңтар айының соңы. Куинес тұрғындар районының артындағы Ямайка жоғары дәрежелі тұрғындар ауласында шағын жанама жолмен бірнеше қара түсті «Escalade» автокөліктері кірген. Олар қарапайым Тудро стиліндегі коттедждің алдына келіп тоқтады. Ал, бұл коттедж болса президент Трампның төрт жасында тұрған ескі тұрағы. Көршілердің айтысына қарағанда, келген сәулетті костюм киген қытайлық ер адам автокөліктен түскен.
Көршілері бұл үйдің қаңтар айынан бастап аукционға шығарылғанын, содан бері үйді көруге келгендердің аяғы үзілмеді дейді. (Олардың жеке өмірінің қауіпсіздігі үшін тек көршілер деп қана аталды/ The Wall Street Journal) Соның басым көбі шетелдіктер, әсіресе қытайлықтар болған екен. Тек өткен апта да ғана бұл үйдің сатылғаны туралы аукционның сайтында белгілі болған. Бұл үй не үшін соншама көп қытайлық қалталылардың қызығушылығын оятты? Бұл сұрақ көршісіне де қызық секілді. Ол: «Бұл үйдің қызығарлық несі бар екенін түсіне алмадым?», – дейді таңданып.
Трамптың бала күнінде тұрған үйін сатушы, америкалық ЖШС жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын компания. Ал сатып алушының кім екені әзірге анық емес. Алайда осыған қатысы инсайдердің айтуына қарағанда, бұл тұрар-жайды қытайлық қалталы әйел сатып алыпты. Мәміле барысындағы жылжымайтын мүлікке жауапты заңгер Майкл Таң ( Michael X. Tang) есімді адвокат болып шықты. Ал оның хатшысы сейсенбі күні, бұл іс туралы Таңның ешқандай да түсініктеме бере алмайтындығын айтқан.
Трамппен қатысы бар болған жылжымайтын мүліктер арасында бұл үй көп адамның қызығушылығын оятқан. Тіпті, Трамптың бұл қоныста тұрмағанына да бірнеше ондаған жыл өтсе де, тұрар жай сатып алушыларды қызықтырып отыр. Ауласы айналдыра қоршалмаған, тек күлгін және ақ түсті иісті гүлдер егілген. Әзірге үйдің монтаздай етіп тазаланғаны анық.
Хэти Хан Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлік агенті болып жұмыс жасайды. Ол Трамптың көне тұрағының сатылымға шығарылғанын естігенде-ақ, қытайлықтардың қызығушылығын тудыратынынан күмәнданбаған екен. Ол: «Мен білемін, Трамп болса Америкадағы даулы адам болып саналады. Бірақ, қытайлықтар үшін, Трамп – ең табысты танымал тұлға. Бұл сатып алушы әйел жөнінен алып айтқанда, Трамптың табысқа жеткен кәсіпкерлігі қызықтырып отыр. Саудадағы табыскерлік қытайда ең бір ауыз толтыра айтатын абыройлы іс саналады», – деген көзқарасын білдірді.
Трамп саясатта тәжірибесіз тұлға болса да, қазір Америка Құрама Штатының президенті болып тағайындалды. Хэти Хан бұны бір киноға көбірек ұқсатады екен. Бір есептен алып айтқанда бұл тұлғаның өмірінде табысқа жету, жолы болудың эпизодтары көп. Көптеген қытайлықтар үшін Трамптың жолын өзіне берсін деген ырымға көбірек ұқсайтын ынта-ниет болды. Соның арқасында бұл үй сатылымға шығарылысымен көптеген қытайлықтардың қызығушылығын тудырды деп қарайды.
Ауд: Естай Божан
“The Qazaq Times”