Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай трагедиясына байланысты жұмысына салғырт қарағаны үшін төрт адамды қызметінен босатуды тапсырды.
Ақорда таратқан ақпарда:
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды», – делінген.
Сондай-ақ Тоқаев ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен босатуды тапсырды.
Мемлекет басшысы бас полицейді қабылдап, жағдай туралы есебін таңдады. Тұрғымбаевқа аймақтағы ахуалды «қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырыпт».


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді