Президент Трамптың импичменті ісіндегі сотта АҚШ Сенаты Трампқа араша түсті. Бұған қоса Конгресс импичмент туралы екі ережені бұзғандықтан Демократтардың Трампты құлату үшін 4 айға жалғасқан импичмент әрекеті сәтсіз аяқталды.
АҚШ жергілікті уақытымен сәрсенбі күні түстен кейін жоғары сот төрағасы Жон Робертстің төрағалығымен сенаторлар палатасында 100 сенатор өз дауыстарын бір-бірлеп жариялады. Нәтижесінде, Трамптың билігін теріс пайдалану айыбын 52 дауыс терістеді, 48 адам растады. Сондай-ақ, басым дауыс Конгрес шешімін терістеп дауыс берген.
Осыдан кейін Трамп өзінің «Твиттер» парақшасына: «Еліміз импичменттік фарсты жеңді!», – деп жазған. Ол және бұл туралы Ақ үйде бейсенбі күні арнайы баспасөз мәжілісін өткізетінін айтқан.
Сонымен, АҚШ тарихында алғаш рет президент мерзімінен бұрын қызметінен кетуі мүмкін деген болжаулы оқиға болмай қалды. Көпшілік сенаторлар «Трамп қандай қателік жасаса да президенттік тарихта тұңғыш рет қызметінен босатылуына ешқандай себеп жоқ» десті. Тіпті, осыған байланысты кейбір сенаторлар Демократиялық партияны да айыптады.
Айта кетейік, АҚШ-тың 243 жылдық тарихында президентке қарсы импичмент осымен үш рет болған. Өкілдер палатасы президент Эндрю Джексон (1868 жылы) мен президент Билл Клинтонға (1998 жылы) қарсы импичмент жариялаған. Бірақ, оларды да соңында Сенат ақтап, өкілетті мерзімін толық аяқтаған. Демек, АҚШ тарихында президенті мерзімінен бұрын тақтан тайдыру әрекеті болған емес. Сонымен, импичменттен құтылған Трамп енді кезекті президент сайлауға дайындалмақ.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді