Түркияның шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38-ге жеткен.
Мәлім етілгендей, құтқарушылар үйінділер астынан зардап шеккен 44 адамды алып шықты. Медициналық көмекке барлығы 1566 адам жүгінген. 76 ғимарат қирап, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келген. 425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданды. Зілзаладан кейін іле-шала 599 афтершок тіркелді.
25 қаңтарда жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген. Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.
24 қаңтарда Анкара түрік провинциясының Акьюрт ауданында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінген. Түркия үкіметі жанындағы(AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 06.54-те тіркелген. Зілзала ошағы 13 километр тереңдікте орналасқан.
Қазақстан СІМ хабарлағандай, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Апат орын алғаннан кейін, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режен Тайып Ердоғанға көңіл айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы