Францияда шерушілер президент Эммануэль Макронға шабуыл жасамақ болған, – деп хабарлайды ВВС.

Макрон Париждегі «Буф-дю-Нор» театрына әйелімен бірге барып, қойылымды көріп отырғанда шерушілер ғимаратқа лап қойған. Бірақ мемлекет басшысының күзетшілері мен тәртіп сақшылары шұғыл қимылдап, президентті құтқарып қалды.

Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық шерулері былтырдан бері жалғасып келеді. Желтоқсанда мұғалімдер, қоғамдық көлік жүргізушілері, полицейлер, сот қызметкерлері, медицина қызметкерлері, авиадиспетчерлер және басқа да көптеген мамандық өкілдері жаппай ереуілге шыққан. Салдарынан көптеген мектептерде оқу тоқтатылып, көлік қатынасы бұзылды.

Негізінен Францияда ондаған зейнетақы бағдарламалары бар. Бұл бағдарламалар мемлекетке орасан шығын әкелетінін айтқан Макрон, бірыңғай зейнетақы реформасын ұсынып отыр. Президенттің жоспары бойынша әр жұмыс істеген күнге арнайы балл жүйесі енгізіледі және зейнетақының мөлшері жинақталған ұпайлар негізінде есептеледі.

Соңғы он жылда Франциядағы зейнет жасы 60-тан 62-ге дейін өсті. Дегенмен, бұл дамыған елдер арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі саналады. Ұлыбританияда зейнет жасы – 66 жыл.

Ұсынылып отырған макро-реформа зейнетақы жасын одан әрі арттыруы мүмкін. Толық зейнетақы алу үшін француздарға 64 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келеді.

1995 жылы Францияда орын алған ең рі ереуіл де зейнетақы реформасына қарсы өткен болатын. Ереуіл салдарынан елдегі транспорт жүйесінде үш апталық коллапс орын алған.

"The Qazaq Times"