Шешенстан президенті Рамзан Қадыров денсаулығына байланысты уақытша қызметінен кетті. Бұл туралы ел үкіметінің сайтында жарияланды.
13 қаңтардан бастап өңір басшысының міндетін уақытша Үкімет төрағасы Мүслім Хучиев атқарады. Қадыров қол қойған құжатта: «Конституциясының 76-бабына сәйкес Шешенстан басшысының міндетін орындауды Үкімет төрағасы Муслим Магомедович Хучиевке 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жүктеймін», – делінген.
Осыған дейін «Amnesty International», «Human Rights Watch» және «Front Line Defenders» ұйымдары бірнеше мәрте Путиннен Қадыров істеріне тыйым салуын сұрап, Оюб Титиевті тез арада босатуды талап еткен. Құқық қорғаушылар таратқан мәлімдемеде: «Соңғы он жылда Рамзан Қадыров Шешенстандағы өзгеше ойлайтын азаматтарды басып, құқық қорғаушылардың ізіне түсіп келеді. Шешенстанда адам құқықтары жиі бұзылады. Заңсыз соттап, азаптайды», – делінген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел