Италияның Білім министрі Лоренцо Фиорамонти елдегі білім саласының «құлдырауына» байланысты өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы Rai News 24 жаңалықтар арнасы хабарлады.
Телеарна мәліметтері бойынша, білім беру саласы мектептер мен университеттерді қаржыландырудың жетіспеушілігі салдарынан қиындықтарға ұшыраған.
Бұған дейін министр Фиорамонти келесі жылға арналған бюджетте аталған мәселені шешу үшін €3 млрд көлемінде қаржы бөлінбесе, қызметтен өз еркімен кететінін ескерткен. Осы аптада жаңа бюджет қаралғанмен, аталған сома білім мекемелерін жабдықтап, бағдарламаларды жүзеге асыруға жеткіліксіз.
Айта кетейік, соңғы жылдары италияда бюджет жобасына қатысты мәселелер туындап келеді. Былтыр Рим әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін 0,9%-ға ұлғайтпақшы болғанмен, Брюссель жобаны кері қайтарды. Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен. Сол себепті Италия коалициясы дағдарысқа ұшырады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр