Қазақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсамақ.
Осы жаңалықты хабарлаған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баспасөз маслихатында: «Павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, оған былтыр бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінді. Павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді», – дейді.
Дубайда (БАӘ) өтетін халықаралық көрме келер жылдың 20 қазанында басталып, 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғаспақ. Осыған дейін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстанға ең үлкен орындардың бірі берілгені белгілі болған еді. Оның ауданы – 3 420 шаршы метр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы