Бүгін астанада кезекті Үкімет отырысы өтті. Жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға дейін Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстырып, бірқатар өзгерістерді жария етті.
Бірнішіден, 2002 жылдан бастап ҰБТ тапсыру электронды форматқа көшіріледі. Санаулы уақыт ішінде гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғары оқу орнының қолжетімділігі, ашықтығы қамтамасыз етілген.
Екіншіден, білім гранты орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін өсірілмек. 2011 жылдан бастап грант құны жалпы өзгермеген. Осыған бюджеттен 244 млн теңге қарастырылған.
Үшіншіден, 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақхана алынбақ.
Төртіншіден, «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарту мақсатында бюджеттен 58 млрд теңге бөлінбек. Аймағамбетов сөзінде: «Тегін кәсіби техникалық білім бағдарламасымен жыл сайын 100 мың студентті қамтитын боламыз. Ал дуалды оқумен қамтылған студенттердің саны 35%-ға жетеді. Колледж студенттерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 60-тан 75%-ға дейін жететін болады», – деді.
Қазіргі уақытта педагогика мамандарын дайындайтын 85 университет бар. Министрдің айтуынша, осы оқу орындарына қосымша талаптар қойылып, саны азайтылмақ. Сонымен қатар, материалдық базасын нығайтуға көңіл бөлінбек.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі