Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтаған. Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында: «Біз бұған дейін елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», — деді.
Айта кетейік, күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатаң шаралар қабылдануы тиіс деп тапсырма берді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді