Иранның мемлекеттік телеарнасы қарашадағы наразылық кезінде үкіметтің халыққа оқ атқанын растады. Алайда, наразы топты елді бүлікке бастаған «бандиттер» және «бүлікшілер» деп атаған.
Естеріңізде болса, бұдан бірер апта бұрын Иранда жанар жағар майдың қымбаттауына байланысты халықтық наразылық болған еді. Наразылық кезінде Иранда ғаламтор желісі апта бойы бұғатталып қалған болатын. Бірқатар Батыс елдері Иранды ереуілшілерге қарсы оқ атты және осы әрекетін жасыру үшін интернетті бұғаттады деп айыптаған.
Ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда наразылық кезінде құқық қорғау қызметкерлері мен наразы топ арасында қақтығыс кезінде 208 адам өлгенін айтады. Кейбір ақпарат көздері бұл санды 400-ге жеткенін айтады. Ал, елдің ресми өкілдері бұл мәліметтерді жалған деп көрсетті, алайда өздері адам өлімі туралы нақты сан көрсетпеді.
Иранның IRTV2 арнасының хабарында «құралды бандиттер» мен «көтерілісшілер» құқық қорғаушыларға және әлеуметтік нысандарға құралды шабуыл жасады деген. Хабарда айтуынша «көтерілісшілер» Керман провинциясында мұнай нысандарын жарып жіберуді жоспарлаған.
Бұған дейін The New York Times басылымы Ислам революциясы сақшылары Бендер-Машахрда ереуілшілерге оқ атып, кемінде 40 немесе 100-ге жуық адам өлгенін жазып еді. Бұл шаһарда ереуілшілер мұнай нысанын басып алуды жоспарлған. Алайда, Иран телеарнасының хабарында «Көтерілісшілер ресми соғыс бастады» деп көрсеткен.