Франция компаниялары Қазақстанға $16,4 млрд-тан астам инвестиция құйған. Бұл туралы Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінде мәлім болды.

Сонымен қатар, ресми prımtminister.kz сайтының хабарлауырша, Француз делегациясы құрамында Total, Orano, Alstom, Airbus, Vicat, Air Liquide, Idemia, Renault CIS & LADA Export, Veolia, Bouygues Travaux Publics, Catering International Services, DV Conseil, Lazard, Sanofi, TechnipFMC, TECOFI S.A.S. компаниялары болды.

Басқосуға аталған кеңестің тең төрағалары, «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелері,Франция кәсіпорындары қозғалысының (MEDEF)өкілдері ал Қазақстаннан премьер-министр Асқар Мамин және бірқатар шенділер қатысты.

Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы Еуропалық одақтың басқа елдеріндегі көрсеткіштерден арта отырып, 6%-дан астам өсті және $3,4 млрд болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Франциядан электр, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыну тауарларын, дәрі-дәрмектер мен косметиканы, автомобильдерді, азық-түлік және құрылыс материалдарын импорттайды. 1993 жылдан бастап 2012 жылдың 21 наурызына дейін Франциядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 9,25 млрд. астам доллар болған.

Айта кетейік, француз делегациясынан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми іссапары жоспарланып жатыр.

"The Qazaq Times"