Қазақстан мен ГФР сыртқы істер министрліктері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапарының күн тәртібін әзірлеуге кірісті.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, келіссөздердің күн тәртібіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алдағы ресми сапары, Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясын іске асыру, сондай-ақ өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясында екі елдің өзара іс-қимылы жоспарланған.
Германия Қазақстанның ең ірі үш сауда әріптесінің қатарына кіреді. 2017 жылы шілдеде Қазақстан мен Германия іскерлік кеңесінің отырысында құны 872 млн еуроға бағаланатын 21 келісімге қол қойылды. Ал биыл 25 наурызда Германия Қарулы Күштерінің әскери қимылдарды модельдеу және әскери медицина саласында цифрлық мониторинг жүйесін пайдалануды үйрену мақсатында арнайы жасақ бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойылды. Бүгінге дейін Германия Қазақстан экономикасына шамамен 8,5 миллиард доллар құйған. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев: «Сыртқы істер министрлігіне жаңадан бір функциялар берілген. Бұл – инвестицияны тарту және экспортты ілгерілету. Сол жөнінде үш мемлекет, жалпы үлкен мемлекеттер аталады. Ол АҚШ, Жапония және Германия сияқты жоғары технология және өнеркәсібі бар елдер. Жаңадан шыққан технологияларды өз елімізге тарту қажет. Осындай платформаларда бизнес қоғаммен кездесіп, жаңа мүмкіндіктер ашылады, сол мүмкіндіктерді пайдалану керекпіз», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, президенттік лауазымына кіріскелі Қ.Тоқаев Ақ үй басшысы Дональд Трамп, Швейцария президенті Ули Маурер, Украина президенті Владимир Зеленский, Грузия президенті Саломе Зурабишвили сынды саясаткерлермен кездесті.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?