Бішкекте 13-14 қарашада Қырғыз Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері өтті. Бұл іс-шара Қазақстан және Қырғызстанның медициналық ұйымдарының арасындағы серіктестік пен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Фото: А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.
Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, жетекші медициналық орталықтардың, мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының, ЖОО-лардың, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілердің, медициналық қоғамдардың жетекші мамандары бар. Қазақстандық делегацияның басшысы — ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Фото: А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.
А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығын басқарма төрағасының міндетін атқарушы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы таныстырды. Болатбек Беймендеұлы жоғары деңгейдегі осы сессияда «Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантация» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық хирургия орталығымен, Қырғызстан гепатологтар қауымдастығымен, Қырғыз Республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осы екі жақты серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әріптестіктің дамуына, сонымен қатар медициналық ұйымдардың интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының артуына ықпал етеді.
Аталмыш іс-шараның екінші күні «Гепатологияның өзекті мәселелері» тақырыбында шеберлік сабақтары өткізілді. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының профессоры Ілиясова Бибігүл Сапарбекқызы мынадай тақырыптарда баяндама ұсынды:
- Қазақстандағы В вирустық гепатитінің және дельта-агенті бар В вирустық гепатитінің күшею факторлары.
- Трансплантациялық гепатологияның мәселелері. Негізгі нәтижелер.
- Қырғызстандағы гепатологияның өзекті мәселелері.
Сондай-ақ А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның мамандары бауыр ауруларына шалдыққан науқастарға тегін консультациялар ұйымдастырды. Кейбір клиникалық жағдайлар қарастырылды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы