Америкалық электромобиль өндіретін ауқымды концерн Tesla-ның Еуропадағы алғашқы зауыты Берлиндегі жаңа әуежайдың жанынан тұрғызылмақ. Бұл туралы Tesla-ның басшысы Илон Маск мәлімдеді.
Масктың айтуынша, Берлиндегі зауытта электромобильдің соңғы үлгісінен бастап батареяға дейін өндіріледі. Зауытта инженерлік және дизайнерлік орталық жұмыс істейді. Жаңа жоба аясында 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Биыл Лос-Анджелесте Tesla Model Y жаңа электромобилінің таныстырылымында компания Лондоннан Бейжіңге дейін Supercharger қуаттау бекеттерінің жаһандық желісін құратынын айтқан. Сонымен бірге әлеуметтік желіде тараған таныстырылымға қазақстандықтардың қатысқаны және компания басшысы Илон Маскке Қазақстанда бекет ашуды ұсынғаны туралы бейнежазбалар пайда болды. Жауап ретінде Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін ашуға уәде берген. «Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», – деді Илон Маск.
Model Y көлігіне 15 дюйм болатын басқару экраны, дыбыс жүйесі орнатылған және төбесі шынымен жабылған. Standard Range нұсқасында сағатына 100 шақырымға дейін 5, 9 секундта оталады, Performance нұсқасында – 3,5 секунд. Қуатталған электромобильмен 320 және 450 шақырым жүруге болады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр