Осы аптада Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжаттарға қол қойды.
— «Қазақстан-Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасы;
– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі арасындағы Жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қостанай облысының әкімдігі мен Челябі облысының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім;
– Павлодар облысының әкімдігі мен Қорған облысының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Новосібір облысының әкімшілігі арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен «Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі» акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы