Бүгін Тайуан (Тайвань) президенті Цай Иыңвын ханым Тайуандағы АҚШ қауымдастығының президенті Ричард Бушпен кездескен. Кездесуде белгілі болғанындай, соңғы бірнеше айда АҚШ Конгресі мен атқарушы билігі Тайуанның халықаралық байланыстарына белсенді қолдау көрсеткен, кеше ғана АҚШ Сенаты бірауыздан «Тайбей актісін» қабылдаса, бүгін Палатаның Сыртқы істер комитеті де Өкілдер палатасының нұсқасын қабылдаған.
Ричард Бушпен кездесуде Цай ханым АҚШ Конгресінің қолдауына алғысын білдірген. Әрі, АҚШ-тың қолдауы Тайуандағы демократияның сақталуына, Үнді-Тынық мұхит аймағындағы бейбітшілік, тұрақтылықтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтқан.
Тайуан президентінің пікірінше, Қытайдың дамуы мен ықпал көлемінің кеңеюі бостандық пен демократияға қауіп төндіреді. Ол және Тайуанның Тынық мұхиты мен Үнді мұхиты аймағының шекарасында орналасқанын, сондықтан да аймақтың бейбітшілігін, тұрақтылығын сақтауға бар күшін жұмсайтынын айтқан.
Айта кетейік, Бейжің билігі Тайуанды ҚХР-ға тәуелді провинциялардың бірі деп көрсетуге тырысады. Әрі, Тайуанның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуына шектеу қояды. Қытайдың экономикалық дамуы және ықпалының артуына байланысты Тайуанмен дипломатиялық қатынас орнатқан елдер саны жыл сайын азайып келеді. Соған қарамастан, Тайуан халықаралық аренадағы өз орнын сақтап қалуға күш салуда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау